9.12.2015, 19:21
Оқылды: 17

Бұқаралық спортты дамыту басты назарда

 Jankaala bykaralik sport   Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылда­натын адамдар мен спорт түр­лерінің дамуы. Экономикалық тұр­ғыдан дамыған елдер бұл көр­сеткішті 30 және одан да көп пай­ызға жеткізуге ұмтылуда. Сала­мат­ты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса ма­ңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмы­сын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай Жаңақала ауданы да бұқаралық спортты дамытып, кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосып жүр. 


Осыған орай   жуырда Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған волейболдан мемлекеттік қызметкерлер және мекемелер арасында аудандық жарыс өтті.

Ауылдық округтер мен аудан орталығындағы мекемелерден 16 команда қатысқан аталмаш жарыстың ашылуы Жаңақала мектеп-гимназиясының спорт залында басталды. Алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Бекетқызы спортшыларға Елбасымыздың бұқаралық спортқа үлкен ден қойып отырғанын айтып, оған  бір адамдай ат салысуға шықырды.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Үш топқа бөлініп ойнаған командалар арасынан Аудандық әкім аппараты және «Жаңарған өңір» газетінің редакциясы қызметкерлерінің  біріккен командасы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, білім беру бөлімі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміні қызметкерлерінің  біріккен командасы,  Бірлік ауылдық округы командасы суырылып алға шығып, финалдық ойынға жолдама алды.

Финалдық ойын өте тартысты өтті. Үздіктер ойынында бірінші болып   Аудандық әкім аппараты және «Жаңарған өңір» газетінің редакциясы қызметкерлерінің  біріккен командасы Бірлік ауылдық округы командасымен тең дәрежеде ойын үлгісін көрсетіп 1:2 есебімен жеңіліс тапса,  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, білім беру бөлімі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміні қызметкерлерінің  біріккен командасын 2:0 есбімен ұтып алды. Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, білім беру бөлімі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміні қызметкерлері  біріккен командасы Бірлік ауылдық округы командасымен тартысты ойын өткізіп 1:2 есебімен ұтылып қалды. Үздіктер қатарынан көрінген қос бірдей команданы жеңіп, әдемі ойын өрнегін көрсеткен Бірлік ауылдық окугы командасы қанжығаларын алтын медальмен майлады. Ал жанкүйерлерінің көңілінен шыққан  Аудандық әкім аппараты және «Жаңарған өңір» газетінің редакциясы қызметкерлерінің  біріккен командасының мойындарына күміс медаль тағылса, Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, білім беру бөлімі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміні қызметкерлерінің  біріккен командасы қоланы қанағат тұтты.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ

ЖАҢАҚАЛА ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале