18.09.2015, 16:17
Оқылды: 21

Бәйгеге қатыс, бақ сына!

Baige   «Болашақ» корпоративтік қоры Орал қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша әлеуметтік маңызы бар ең үздік жобаға бәйге жариялады.

Бәйге азаматтардың  әлеуметтік белсенділігін арттыруды, қоғамдағы көкейтесті мәселелерді шешудің инновациялық шешімдері мен технологияларын іздеп табу мақсатында ұйымдастырылған. Қордың облыстық филиалы директоры Салтанат Түменбаеваның айтуынша, бәйгеге жекелеген азаматтармен қатар қоғамдық бірлестіктер, кәсіптік одақтар, мемлекеттік, мәдениет, білім беру ұйым-мекемелері, бизнес құрылымдары қатыса алады. Конкурсқа қатысу барысында қатысушыларға семинар-тренинг өткізіліп, одан кейін олар комиссия алдында өз жобаларын қорғайды.

Бәйгеге ұсынылатын жоба PowerPoint форматында дайындалып, жобаның атауы, мақсат-міндеттері, жаңашылдығы, ерекшелігі, әлеуметтік маңызы көрсетілуі тиіс.

Бәйгегеқатысу үшін өтінішті толтырып, оған жобаның 5 данасын жалғау керек. Өтініштерді қабылдау БҚО жастар ресурстар орталығында, Достық даңғылы 188 мекенжайында,  18 қыркүйектен 19 қазан аралығында жүргізіледі. 23 қазанға дейін жобаларды комиссия қарайды. Үздік шыққан 10 жоба көрмеге қойылып, жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтарға ие болады.

www.zhaikpress.kz

Гүлнар  ШӘҢГЕРЕЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале