30.07.2015, 19:08
Оқылды: 24

Бөбек өлімі жиілемесін десек ...

Balalar men jol kolik okigasinin aldin alu   Бүгін салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік  және  тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті.

Балалар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу, мемлекеттік мекемелердің, ата-аналардың назарын аудару мақсатында өткен шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, сондай-ақ облыстық ІІД жол полиция басқармасының қызметкерлері, қалалық емханалардың травматолог дәрігерлері қатысты.

-Соңғы алты айда 1-5 жас аралығындағы бүлдіршіндердің   тұрмыстық жарақаттану салдарынан көз жұмуы жиілеп кетті. Облыс бойынша тоғыз бүлдіршін   ата-ананың  қадағаламауы кесірінен көз жұмды. Айта кетсек, он айлық бөбек  шелектегі суға түсіп кетіп тұншығып қайтыс болса, енді бірінің үстіне  теледидар, екіншісіне үстел құлаған. Бір  сәби  ашық тұрған электр тогын ұстап, сол мезетте көз жұмды. Жуырда орын алған жол көлік оқиғасы кезінде  бес айлық сәби қаза болды. Мұндай келеңсіз оқиғалар әсіресе сенбі-жексенбі күндері орын алып отыр,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айнаш Ғұбайдуллина.

www.zhaikpress.kz

Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале