12.10.2015, 17:05
Оқылды: 29

Бөкейліктердің абыройын асқақтатты

туризм ОрдаАудандық туризм және экология орталығы педагогтары мен оқушылары Орал қаласында оздырылған облыстық жарыстарға қатысып, қанжығалары майланып қайтты.

«Еуропа-Азия» халықаралық туристік фестивалінде орталық педагогтары командасы «Бейнефильм» байқауынан ІІ, «Балалар туризмінен очерк» аталымы мен футбол ойынынан ІІІ орыннан көрінді.

Орталықтың оқушылары да өз жетістіктерімен бізді қуантып тастады. Құрамында жәңгірхандық Қоныспай Ақтөреев, мәншүктік Жұлдыз Тілекқызы, Ерназар Конофиянов, Мөлдір Бимұханқызы (жетекшісі аудандық туризм және экология орталығы директорының орынбасары Жұбан Ғұмаров) бар оқушылар экскурсиялық бағдарлау жарысында бөкейліктердің абыройын асқақтатты. Нақтырақ айтар болсақ, олар «Біздің тарих, ол деген − қалың тарих...» атты экскурсиялық бағдар презентациясынан І орын жеңіп алды. Ал жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға табан тіреді.

www.zhaikpress.kz

Бөкейордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале