26.05.2016, 13:06
Оқылды: 27

Бөкейлік бишілер топ жарды

 Bokei bishiler  Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев бастаған аудандық демалыс орталығы көркемөнерпаздарынан құралған топ халықаралық байқаудан бас жүлдені иеленіп келе жатқан бишілерді (жетекшісі С.Сүндетова) Сайқынға кіреберістен шашу шашып, домбырамен ән әуелетіп қарсылады.


   Жуырда Атырау қаласында өткен «Жадыра жас дарын» конкурсының хареография жанры бойынша топ жарған бөкейлік талантты шәкірттерді жерлестері, ата-аналарымен бірге қошеметпен күтіп алып, мәдениет үйінің алдында оларға деген құттықтаулары мен ізгі лебіздерін арнады.

www.zhaikpress.kz

Г.БАДЕЛОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале