17.11.2016, 16:45
Оқылды: 21

Бөкейордасында авиациялық снаряд табылды

%d0%b0%d0%b2%d0%b8%d0%b0%d1%81%d0%bd%d0%b0%d1%80%d1%8f%d0%b4Қарашаның 15 күні сағат бестер шамасында «Бөгет» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Бөкей ордасы АІІБ кезекші бөліміне Сайхын ауылының оңтүстік-шығыс бағытында снарядқа ұқсас заттың табылғаны туралы хабар келіп түседі. Бұл жарылғыш затты сол ауылдың тұрғыны жайылыстан малын іздеп жүрген кезінде тапқан. Тексеру барысында жарылғыш заттың диаметрі - 70 мм, ұзындығы – 40см, құйрығында ұзындығы 5см қанаты бар авиациялық снаряд екені анықталды.

Снаряд қоршауға алынды, енді арнайы мамандардың қатысуымен барлық қауіпсіздік шараларын қолдана отырып жойылатын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале