6.01.2016, 19:24
Оқылды: 24

Бөкей ордалық ҰОС ардагері Камал ата Нарболовқа облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың құттықтау хатын табыстады

Bokei maidangerge kyrmet   Бөкей орда ауданы әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Таңатов Ұлы Отан соғысының ардагері, тоқсанның төріне қонақтаған Камал ата Нарболовтың шаңырағында болды.


   Олар қарт майдангерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың Құттықтау хатын табыс етті.

   Қарт сарбаз Жаңа жылда да ел-жұртының амандығын тілеп, ат үстінде жүрген азаматтардың баршасына шексіз ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшімізден

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале