2.03.2016, 10:08
Оқылды: 38

Бөкей Ордасындағы Алғыс айту мерекесі

  Bokei ordasi algis aitu kyni Бөкей Ордасы аудандық Мәдениет үйінде 1-наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті. Онда аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов тақырыптық баяндама жасаса, зейнеткер Анна Марченко, аудандық спорт мектебінің директоры Дмиртий Семилиди және Хан Ордасы ауылының тұрғыны Андрей Федориди құттықтау сөз сөйлеп, қазақ бауырларына деген шынайы ризашылық сезімдерін жеткізді.


Әрі ортақ Отанымыз – Қазақ елінің өсіп-өркендей беруіне ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік шара соңы демалыс орталығы көркемөнерпаздары мен аудандық балалар саз мектебі ұжымы әзірлеген тартымды концертке ұласты.

www.zhaikpress.kz

Р.АППАҚОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале