15.06.2015, 11:31
Оқылды: 24

Бөкей ордасында ардагерлерге арналған кеш өтті

Bokei0222 Бөкей ордасы аудандық орталық аурухана ұжымының ұйымдастыруымен мекеменің мәжіліс залында «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» атты кездесу кеші оздырылды. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатов бастаған Сайқын ауылының 65-90 жас аралығындағы бір топ ардагерлерімен қатар осы орталық ауруханада ем алып жатқан бірі 89, екіншісі 87 жастағы бисендік қос қария Қалмияр Сейсенғалиев (Ұлы Отан соғысының ардагері) пен Ғиният Құбиев (еңбек ардагері) қатысты.

Қарияларға «қош келдіңіздер!» айтқан аудандық аурухананың директоры Ә.Ғаббас денсаулық сақтау саласының қазіргі жәй-күйін, ондағы кейбір өзгерістерді сөз етті. Орталық аурухананың шетелдік медициналық аппараттармен жабдықталуы да ойдағыдай көрінеді. 5 миллион теңгенің УЗИ аппараты және 18 миллион теңгенің жапондық аппараттарын грант арқылы алыпты. Олар шілде айында толықтай құрылып, пайдалануға берілмек. Аудандық аурухана облыстағы алты ауданның бірі болып телемедицина жүйесіне қосылыпты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале