23.02.2016, 17:18
Оқылды: 34

Бөкей Ордасында заңсыз қару тәркіленді

0 017

Бөкей Ордасында биылғы қаңтар айының ішінде  қаруды сақтау және алып жүру тәртібін бұзғаны үшін үш адамның үстінен әкімшілік іс қаралды.


Атасынан қалған 16 калибрлі, тегіс ұңғылы, «ИЖК» модельді дара ауыз аңшы мылтығын алты дана патронымен алып жүрген ұялылық Д-ны және әкесінен қалған аңшылық қаруды үйінде заңсыз сақтаған сайқындық Н-ді ішкі істер қызметкерлері анықтаса, марқұм әкесінің 28 калибрлі мылтығымен (11 патроны және бар) аң аулап жүрген ұялылық Б-ны «Охотзоором» инспекторлары 2015 жылдың 9 желтоқсанында тоқтатып, іс тұрғызған. Б. азаматтық қаруды тиісті тіркеусіз сақтағаны үшін 2014 жылдың 15 желтоқсанында да әкімшілік жазаға тартылған екен. Бір жыл ішінде біртекті әкімшілік құқық бұзушылық әрекетті қайталау – жауаптылық пен жазаны ауырлатады. Сондықтан оған 63 630 теңге, алғашқы екеуіне 39 640 теңгеден айыппұл салынды. Құқық бұзушылық құралы болған қарулар мемлекет меншігіне тәркіленді.

www.zhaikpress.kz

Гүлжихан САҒИТОВА

аудандық соттың төрайымы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале