18.02.2016, 13:17
Оқылды: 14

Бөкей Ордасында Интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді

Bokeinternacionalist jauingerkerge kyrmet   Бөкей Ордасы әкімі Нұрлан Рахымжанов Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеген жерлестеріміз, запастағы жауынгерлердің бір тобын қабылдап, олармен емен жарқын әңгіме құрды.  Әрқайсысының қазіргі жағдайымен танысып, өтініш-пікірлерін тыңдады.


Қабылдауға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Таңатов, бас денсаулық сақшысы Әділгерей Ғаббас, мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, қорғаныс бөлімінің басшысы, майор Жасұлан Сабыров, шекарашылар бөлімі басшысы, капитан Степан Марченко интернационалист-жауынгерлердің ерліктерін, жастарға патриоттық тәрбие берудегі істерін дәріптеп, оларға рахмет айтты. Өз кезегінде Ауған жолдарымен жүріп өткен Елтай Қонақбаев, Нағым Баткенов, Мүслимеден Таубаев, Бақытжан Жүнісов, Ақболат Шәмшединов, Асылбек Сүйінішев естеліктерімен бөлісіп, аудан әкіміне ризашылық білдірісті.

www.zhaikpress.kz

Д.ӘЛИЕВ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале