5.03.2016, 13:54
Оқылды: 25

Бөкей Ордасында профилактикалық іс-шара өтуде

 Bokei profilaktikalik is shara  Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) жоспарына сай 29-ақпан мен 7-наурыз аралығында «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс-шара (РПІШ) өтуде.


Бөкей ордасы аудандық пробация қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерімен бірлесе жұмыс істеп, есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандарды тұрғылықты мекенжайларына барып тексеріп, тұрмыс жағдайларымен танысуда. Шара барысында есептегі 33 адамның (8-і шартты жазаға кесілсе, 25-інің бас бостандығы шектелген) 28-імен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, туыстары мен көршілерінің пікірі сұралды.

www.zhaikpress.kz

Ж.ЫСҚАҚОВ

аудандық пробация

қызметінің инспекторы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале