24.06.2015, 13:04
Оқылды: 15

Бөкей ордасында шайхана ашылды

okei 00012111  Жақында ханордалық жеке кәсіпкер Жалын Харекесов тұрғызған шайхананың тұсауы кесілді. Оның ашылу салтанатына тұрғындармен қатар ауылдық округ әкімі Мейрамбек Аққалиев қатысып, бастамаға сәттілек тіледі.

Жаңа нысан қожайыны 2014 жылы «Ауылшаруашылығын қаржылай  қолдау» қорынан 2 млн. теңге несие алып, осы іске кірісіпті.

Айтулы күннің өзінде-ақ осы ауылға ат басын бұрған 20 адам осында түстеніп шығып, қожайынға алғысын жаудырды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале