23.02.2016, 17:32
Оқылды: 14

Бөкей Ордасында қылмыс саны азаюда

 Bokei ordasi kilmis  Бөкей Ордасы ауданында биылғы қаңтар айында тіркелген қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,6 пайызға немесе 28-ден 20-ға түсіп отыр. Соның ішінде, ұрлық (ҚР ҚК-нің 188-бабы) 27,8 (18/13) және мал ұрлығы 42,9 (14/8), бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы) 100,0 (2/0), алаяқтық (ҚР ҚК-нің 190-бабы) 100,0 (2/0) пайызға азайған. Ал, былтыр болмаған қорқытып алу (ҚР ҚК-нің 191-бабы) көрініс тапты. Қылмыстық істің төрттен бірінің мас күйінде жасалғаны анықталып отыр.


   Қоғамдық орында жасалған қылмыс саны 50 (2/1), көшеде жасалған қылмыс саны 100 (2/0) пайызға кеміді.

Жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының нәтижесінде, қылмыстар саны төмендеп келеді. Десе де, статистикалық мәліметтер көрсеткендей, ауданымызда қылмыс жасау, әсіресе, бөтеннің мүлкін ұрлау, мал ұрлығы әлі де тыйылмауда.

Әзірге тіркелмей қалған қылмыс жоқ.

www.zhaikpress.kz

Бағдат ДӘУЛЕТОВ

Бөкей Орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале