25.02.2016, 15:12
Оқылды: 19

Бөкей Ордасында 505 мүгедек бар

Bokeide mygedek   Бөкей Ордасында қазіргі таңда 505 мүгедек бар. Бұл көрсеткіш аудандағы халық санының 3,2 %-ын құрайда.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың 49-ы І топтағы, 169-ы ІІ топтағы, 222-сі ІІІ топтағы мүгедек болса, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 65. Аудан бойынша көру қабілеті нашар 65 адам болса, естуі кем 28, кресло-арбамен қозғалатын 15 және өзге аурулармен тіркелген 397 жан бар.


Сондай-ақ, Бөкей Ордасында жалпы халықтың саны 15889 адам болса, оның 9621-і экономикалық белсендіге жатады.  Қаңтар айында жұмыссыз ретінде 52 адам тіркелсе, 27 адам тұрақты жұмысқа тұрды.

     www.zhaikpress.kz

Р.БАҚЫТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале