5.07.2016, 15:44
Оқылды: 14

Бөкей Ордасының басшысы елді-мекендерді аралады

БөкейБөкей Орда ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов бастаған топ Жетібай, Көктерек, Сейітқали, Үштерек, Қарасу ауылдары тұрғындарымен кездесіп, тыныс-тіршіліктерімен танысты.


Жиналғандарды ауданымызда істеліп жатқан,  болашақта атқарылатын жұмыстардан, жалпы еліміздің ахуалынан хабардар етті. Жерді жекеменшікке беру, лаңкестердің тіміскі әрекеттері, тағы да басқа жайлар төңірегінде әңгіме қозғады.

Айбас, Бегәлі, Нияз бөгеттеріндегі, Дүйсе мен Мешітқұмның арасындағы малшылар үйі мен пішеншілер қосын көзімен көрген Нұрлан Сағынтайұлы Үштерек бастауыш мектебіне көңілі толғанын айтты. Ал Жетібай, Сейітқали бастауыш мектебі мен Сейітқали ФАП меңгерушілеріне ескертулер жасап, тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz
С.ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ
Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале