14.10.2016, 15:29
Оқылды: 43

Бөкей ордасының құрылғанына 215 жыл, Жәңгір мектебіне 175 жыл толу мерекесіне арналған шара өтуде

bokei-dauletkerei  Хан Ордасы ауылында Бөкей ордасының құрылғанына 215 жыл, Жәңгір мектебіне 175 жыл толу мерекесіне арналған “Шежіре тұнған құт мекен” тақырыбындағы іс-шаралар легі Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін орта мектептің ауласындағы Жәңгір хан бюстіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.


Аталмыш мектептің тұңғыш мұғалімі, меңгерушісі К.П. Ольдекопқа арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

Мерекелік шаралар легі ауылдық Мәдениет үйіндегі ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Оған Қазан, Астана, Орал қалаларынан келген ғалымдар қатысты. Конференция барысында ғалымдар Бөкей ордасы тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін Бөкей ордасы ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Түстен кейін облыс ақындарының қатысуымен айтыстан көрініс, концерттік бағдарлама болады. Ол Жәңгір хан мектебінде өтетін аталмыш аудан оқушылары арасында өтетін “Не? Қайда? Қашан?” Интелектуалдық ойынына ұласады. Кешкісін би кеші және мерекелік отшашу болады деп күтілуде.

www.zhaikpress.kz

Нұртас Сафуллин

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале