23.06.2015, 15:22
Оқылды: 24

Бөкей ордасы ауданындағы теңбіл доп додасы

U

Бөкей ордасы аудандық спорт мектебінің ұйымдастыруымен аула және көше командалары арасында дәстүрлі «Былғары доп» турнирі оздырылды. Жас ерекшеліктеріне сай ойын екі топқа бөлінді. Үлкен топқа 7 команда (Х.Чурин, М.Мәметова, Ә.Бөкейханов, Б.Жәнекешев, Т.Жароков, Т.Масин, М.Насимоллин) кірсе, кіші топта да (Ғ.Әзербаев, М.Мәметова, Орда, Б.Жәнекешев­ ­­­– 1, Б.Жәнекешев – 2, Қазақстан, М.Өтемісов) 7 команда жасақталып, жалпы, 14 команданың 100-ге тарта ойыншылары қатысты. Тартысты өткен турнир бәсекесінде үлкен топтардан Х.Чурин көшесінің командасы жүлделі І орынды қанжығасына байлап, «Былғары доп» кубогін иеленсе, Т.Жароков  көшесінің командасына ІІ, Ә.Бөкейханов көшесі мен колледж  командалары ІІІ орынды місе тұтты.

Ал, кіші топтар арасында Ғ.Әзербаев көшесі командасының  шоқтығы биік болып, І орыннан көрінсе, М.Өтемісов ІІ, Б.Жәнекешев – 1 ІІІ орындарға қол жеткізді. Дүбірлі доп додасы барысында тартысты ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар да марапатталды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале