4.05.2016, 18:42
Оқылды: 31

Бөкей Ордасы ауданында жүлдегерлер марапатталды

 Bokei jyldegerler marapattaldi    «Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына арналған «Хрустальды шоқыр»  жүлдесінің V облыстық байқауында «Балалар туризімін дамытудағы жергілікті атқарушы органдар ролі» номинациясында І орынды алған үшін Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов марапатталады» деген мәтіндегі облыстық білім басқармасының басшысы жолдаған Диплом мен «Хрустальды шоқыр» статуэткасын аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Иманбаев аудан басшысына салтанатты түрде табыстады.


   Облыстық байқауда жерлестеріміз «Үздік қосымша білім беру орталығы» номинациясында ІІІ орынды еншілесе, «Үздік туристік жорықтар және экспедициялар, маршруттар, саяхаттар жасағаны үшін» орталық директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ғұмаров ІІ, «Үздік қосымша білім беру педагогы» аталымында ордалық Б.Нұрмұханбетов ІІІ орыннан көрінді. Ал, аудандық «Орда жұлдызы» газетінің тілшісі Р.Бақытова «Туристік-өлкетану және экологиялық қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында үздік насихаттағаны үшін» ІІ орынды иеленді.

www.zhaikpress.kz

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале