10.02.2016, 15:07
Оқылды: 23

Бөкей Ордасы ауданында Нұротандықтар үміткерлерін ұсынды

 Orda Nurotan ymitker  «Нұр Отан» партиясы аудандық ұйымының кезектен тыс оздырылған ХҮІІ конференциясы аудандық аурухананың мәжіліс залында өтті. Бұл конференцияны аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ашып, жүргізіп отырды. Партия Жарғысының 6-бабына сәйкес бастауыш ұйымдардан ұсынылған 56 делегаттың 53-сі, сондай-ақ, партия, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, партия белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның сайлауалды тұғырнамасы бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбековтың баяндамасы тыңдалып, облыстық мәслихат депутаты Серік Мұханбетшин, Ұялы бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақытжан Оразғұловтар өз ой-пікірлерін білдіріп, ауданымыздағы ахуалға тоқталды. Елбасы, партия төрағасы белгілеген шараларды насихаттап, оның орындалуына атсалысу әр қазақстандықтың міндеті, борышы екенін атап көрсетіп, бөкейліктерді бірлікке, іскерлікке шақырды.

Конференция делегаттары аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі 12 округтің әрқайсысынан түсетін үміткерлерді де бірауыздан құптап дауыс берді.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық партия конференциясына 7 делегат сайланды.

www.zhaikpress.kz

К.ҒАЙСИН

Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале