5.11.2015, 16:16
Оқылды: 20

Бөкей ордасы ауданында оқу-жаттығу өтуде

Bokei 022   Бөкей ордасы ауданы аумағындағы «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында командалық штабтың оқу-жаттығуы оздырылуда. Екі күнге жоспарланған шаралар жоспарына сай алғашқы күні комиссия отырысы өтіп, ізін суытпай шұғыл әрекет ету жасағының әзірлігі тексерілді.  Оған аудан орталығындағы барлық қызметтер құрал-жабдықтарымен келіп, олардың пайдаланылуы хақында штаб басшысы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашевқа баяндады. Әрі өздеріне жүктелген міндеттері жөнінде де біраз мағлұмат берді.

Сонымен қатар Сайқын-Жаңақала күре жолында ауа райының қолайсызыдығынан жолдан тайып кеткен білім бөлімі мекемесінің балалар тиелген автокөлігін құтқару жұмыстарына қатысты. Оқу-жаттығу шараларына МАЙ қызметкерлерімен қатар ауыл әкімшілігінен трактор, аудандық ауруханадан жедел жәрдем жетіп, тиісті көмек көрсетті.

 www.zhaikpress.kz

Р.БАҚЫТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале