22.12.2015, 21:26
Оқылды: 29

Бөкей ордасы ауданында қос медициналық нысан есігін айқара ашты

 Bokei kos medicinalik nisan  Бөкей ордасыауданының Хан ордасы ауылында дәріхана мен тіс емдеу кабинеті ашылды. Орайы келгенде айта кетейік, осыдан 176 жыл бұрын, 1839 жылы, өңір өркениетінің көшбасшысы, белгілі реформатор Хан Жәңгірдің өзі ашқан бұл дәріхананың тамыры тым тереңде. Аумалы-төкпелі, аласапыран замандарда ол неше күйге түспеді дейсің. Кезінде Орда кеңшары салған, қазіргі дәріхана үйі кеңшар тарағасын жекешеленіп, тұрғын үйге айналған-ды.


Алматы қаласындағы республикалық медицина колледжінің тіс емдеу бөлімін бітіріп, мамандығы бойынша он бір жыл еңбек еткен осы ауылдың перзенті Архат Асқарұлы Сәлімов «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 1500000 теңге несиеге қол жеткізіп, осы ғимаратты сатып алып, жеке тіс емдеу кабинетін ашып, ауылдастарына қызмет етуді жөн деп тапты. Оның бір бөлмесін жалға алған С.Асфендиаров атындағы Алматы мединститутының түлегі, жоғары білімді фармацевт, мамандығына сай ұзақ жылдар аудандық ауруханада провизор, врач-лаборант, соңғы бес жылында «Талап» АҚ №32-ші аптекасының меңгерушісі қызметінде болған Гүлнар Сәлімқызы Шарипова (ол да осы ауылдың перзенті) өз қаржысы есебінен дәріхана ашып, жерлестерінің дәрі-дәрмекке деген сұранысын өтеуді ұйғарыпты. Бір шатырдың астында орын тепкен кәсіпкерлік қос нысанның ашылу салтанатына ауыл тұрғындарымен қатар аудан әкімінің орынбасары Р.Зұлқашев, ауыл әкімі М.Аққалиев, аудандық аурухананың бас дәрігері Ә.Ғаббас, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Нүркенов, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директоры Б.Жұмағұлова, жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Қарағойшин қатысты.

www.zhaikpress.kz

А.ХАМЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале