27.09.2016, 11:37
Оқылды: 20

Бөкей Ордасы ауданында қоғамдық кеңес өтті

%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81   Бөкей Ордасы ауданында оздырылған аудандық қоғамдық кеңестің күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

  Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Абдоллина «Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №27-2 «Бөкей ордасы ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу», аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Айтқалиев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның ауданымызда орындалу барысы», аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Б.Насимоллин «Аудан бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту», «Аудан мекемелерінің қысқы жылыту мерзіміне әзірлігі» хақындағы хабарламалары, аудандық жергілікті полиция басшысы Е.Жоралиевтің есебі тыңдалды.


    Аудан прокуроры Н.Байменов, Т.Масин ауылдық округі әкімі М.Қитанов, аудандық білім, мәдениет, денсаулық сақтау бөлімдері басшылары Е.Иманбаев, Ә.Айтқалиев, Ә.Ғаббас күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты пікір білдіріп, қосымша ақпараттармен толықтырды. Ал, қоғамдық кеңес төрағасы С.Таңатовтан бастап, аудандық мәслихат депутаттары Н.Тәжімұратов, С.Садықов, Ұялы ауылдық округі әкімі Б.Оразғұлов, газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Р.Кенжеғалиев, тағы басқалар сұрақ қойып, ой тастап, талқылауды қыздыра түсті. Әсіресе, мекемелердің қысқа дайындықтары, нақтырақ айтсақ, жылыту жүйелері облыс әкімдігі белгілеген мерзімде іске қосуға әзір еместігі қатты сынға алынды.

   Кеңесте сөз алған аудан әкімі Н.Рахымжанов та күн тәртібіндегі мәселелерге жеке-жеке тоқтала келіп, жылыту маусымының маңыздылығын ерекше атап көрсетті. «Сондықтан да шығар ащы-ащы сөздер айтылып жатыр,–деді Нұрлан Сағынтайұлы.- Ол дұрыс та, бірақ шектен шықпайық, нақтылықтан аспайық». Осылай деген ол бүгінгі кеңесте көрсетілген кемшіліктерді түзеп, қысқа әзірлікті 10 қазанға аяқтау жөнінде мекеме басшыларына ескертті.

   Қоғамдық кеңесті қорытындылаған төраға Серік Қабденұлы алдағы отырыстың күн тәртібіне жайылымдық жер («Жер кодексі, жерді тиімді пайдалану жайы») және діни экстремизмге қарсы күрес мәселесі ұсынылатындығынан хабардар етті.

К.ҒАЙСИН

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале