26.01.2016, 18:22
Оқылды: 38

Бөкей Ордасы ауданында 2015 жылы сот өндірісінде 43 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қаралды

Sot   Жыл қорытындысына арналған брифингте Бөкей Ордасы аудандық соттың төрайымы Г.Т.Сағитова мен кеңсе меңгерушісі З.К.Зайноллина хабарлама жасап, сот қызметкерлері өзара пікір алмасты.

2015 жылы сот өндірісінде 43 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қаралса, жеке айыптау бағытындағы 6 арызды қабылдаудан бас тартылып, кері қайтарылды. 33 тұлғаға қатысты 28 үкім шығарылып, 6 қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68-бабымен және ҚР ҚПК-нің 35-бабымен, 4 қылмыстық іс медиация қолдану арқылы өндірістен қысқартылды.


Апелляцияға жолданған 3 қылмыстық іс өзгеріссіз қалдырылып, кассациямен қаралған 1 қылмыстық іс өзгертілді. Азаматтық іс бойынша да апелляциядағы 2 азаматтық іс, 1 ұйғарым өзгеріссіз қалдырылды. Бұл саладағы арыздар бойынша 26 сот бұйрығы, 87 шешім шығарылып, оның 17-і қысқартылып, 16-ы медиация тәртібімен қаралса, 4-і қараусыз қалдырылды.

Сондай-ақ, жыл ішінде 335 әкімшілік құқық бұзушылық істер қаралып, оның 3-і басқа аудандық соттарға жолданса, 78 іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. Ал, 28 тұлғаға ескерту берілсе, 74-іне айыппұл салынды. Әрі 107 адам қамауға алынып, 44-і көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Кеңсе бойынша кіріс, шығыс және ішкі құжат айналымы БААТЖ жүйесінің серверіне уақтылы енгізіліп, қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің статистикалық есебі осы бағдарламаға сай шығарылды.

www.zhaikpress.kz

Жандос ҚАНАТҰЛЫ

Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале