22.11.2015, 19:46
Оқылды: 18

Бөкей ордасы ауданында 57715 ірі қара, 123636 қой мен ешкі, 18762 жылқы, 1179 түйе бар

Bokei orisimiz malga toldi   Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні Бөкей ордасы аудандық Мәдениет үйінде аталып өтілді. Айтулы шараға округ әкімдері бастаған ауыл шаруашылығы саласының мамандары, сала ардагерлері, шаруа қожалықтары жетекшілері, аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиынды аудан әкімі Н.Рахымжанов құттықтау сөзбен ашып, орынбасары Р.Зұлқашев баяндама жасады. Өңірімізге қатысты нақты фактілерге жүгінер болсақ, бүгінгі күні ауданымызда 3 ЖШС, 445 шаруа қожалығы, 4 тұтыну кооперативі, 1 несие серіктестігі ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысады. Ауданда 57715 ірі қара, 123636 қой мен ешкі, 18762 жылқы, 1179 түйе бар.

Аудан әкімі Н.Рахымжанов сала қызметкерлерінің үлкен бір шоғырына Алғыс хат пен сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

А.Хамзин

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале