26.08.2016, 11:00
Оқылды: 31

Бөкей ордасы ауданының жастарымен кездесу өтті

Бөкей ордасы ауданы Жастарымен кездесу өтті  Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында құрамында облыстық «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Манарбек Әжікенов, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының менеджері Нұрбол Қырықбаев, дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы маманы Дәурен Нағымов және «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының кеңесшісі Азамат Сағынбай бар ақпараттық топ өкілдері бөкейлік жастармен кездесті.


  Алдымен сөз алған Манарбек Малкенжарұлы облыс жастарының бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етсе, Нұрбол Мұсаұлы экологиялық мәселелер мен жұмыссыздықты жою жолында «Жасыл ел» бағдарламасының рөлі зор екендігін, ондай маусымдық жұмыстар Орда орман шаруашылығында да жүргізіліп жатқандығын айтты. Ал, кейбір жат ағым жетегінде жүрген қандастарымыздың лаңкестік іс-әрекеттері діни сауаттылықтың төмендігінен туып отырған келеңсіздік екеніне және сол теріс пиғылдылардың арбауынан сақтану турасында Дәурен Нағым та тарқата түсінік берді. Түрлі сала қызметкерлерінің әңгімелері деректі бейнебаяндар арқылы да көрініс тапты.

  Өз сөзінде Азамат Сағынбай «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» шот ашқан салымшының өз салымын баспана немесе жер алуға, үй салуға және жөндеуге пайдалануына мүмкіндігі барын, толық мағлұматтарды аталмыш банктің аудандағы пунктінен нақтылауға болатындығын мәлімдеді. Айта кетелік,  бұл бағдарлама қатысушылардың үлкен қызығушылығын оятты.

Г.БАДЕЛОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале