Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығы қарсанында аудандық мәслихаттың шешімімен Нарынның бір топ нарқасқаларына «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы атағы беріліп, мерекелік салтанатта оларға куәлік пен белгі тапсырылып, иықтарына алтын әріптермен жазылған лента ілінген болатын. Сол шақта кезекті еңбек демалысында жүріп, шараға қатыса алмаған ауданымыздың бас денсаулық сақшысы Әділгерей Ғаббасқа бұл құрмет жақында оздырылған аудан активі жиынында көрсетілді.
Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов аудандық мәслихаттың шешімімен таныстырып, Әділгей Уәлиұлының иығына «Бөкей Ордасының Құрметті азаматы» деген жазуы бар лента іліп, өңіріне белгі тақты, куәлігін табыстады.