4.02.2016, 12:04
Оқылды: 37

Бөкей Ордасы ауданы орталығында жасанды футбол алаңы мен хоккей корты салынды

 Bokei orda hokkei  Бөкей Ордасы ауданы әкімі Н.С.Рахымжановтың қолдауымен аудан орталығында жасанды футбол алаңы мен хоккей корты салынып, бүгінгі күні халық игілігіне пайдаланылуда. Осындай игі шараға аудан тұрғындары мен жас спортшыларымыз дән риза. Жақында Сайқын ауылында хоккейден жарыс ұйымдастырылды.


Айтулы шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық БЖСМ мектебінің директоры, ҚР Құрметті спорт қайраткері Д.Ф.Семилиди жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік пен жеңіс тіледі. Жарыс нәтижесінде І орынды аудандық демалыс орталығының командасы, ІІ орынды спорт мектебі, ал, ІІІ орынды Бөкей ордасы колледжі командасы еншіледі. Ойын барысында С.Қаресов «Үздік шабуылшы», Е.Ахметов «Үздік қорғаушы», Ә.Наурызов «Үздік қақпашы», Д.Семилиди мен І.Қаресов «Ардагер спортшы» номинациясына ие болды. Оларға ескерткіш сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды.

www.zhaikpress.kz

М.ҒИЫЛМАНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале