22.02.2016, 10:01
Оқылды: 26

Бөкей Ордасы ауданы үгіт-насихат тобының сапары

????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????

   Сайлауалды бағдарламаға сай құрамында Бөкей Ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев, аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Бисен Қадыров және медицина қызметкері Альфия Махимова бар үгіт-насихат тобы Орда ауылдық округіне қарасты Қарасу елді мекенінде болып, халықпен кездесті.


Алдымен, Орда ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиев сөз алып, жерлестерін алдағы сайлауға біркісідей атсалысуға шақырса, ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев те өз ойын жеткізді. Жиында ауыл адамдары өздерін толғандырып жүрген кейбір сұрақтарға жауап алды.

«Алтын алқа» иегері Жәния Дүйсалиева мен Қарасу бастауыш мектебінің меңгерушісі Мира Елеуқызы алдағы саяси науқанға бір кісідей атсалысатындарын айтып, ауданнан атбасын бұрған билік иелеріне алғыстарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Г.ТҰРСЫНТЕГІ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале