11.04.2016, 15:51
Оқылды: 19

Бөкей Ордасы ауданы әкімінің жүлдесі сарапқа салынды

Bokei ordasi akimi voleibol     Бөкей Ордасы ауданы әкімінің жүлдесі үшін Сайқында ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті. Оған Ресей Федерациясының көршілес Ахтуба ауданының Жоғары және Төменгі Басқұншақ ауылдары командалары, көршілес Жаңақала, Қазталов ауданның құрамалары және өз ауданымыздан екі команда қатысты.


           Алғашқы кездесуінде-ақ, жоғарыбасқұншақтықтарды 2:0 есебімен ұтып, әп дегеннен өздерінің жоғары дайындығын паш еткен біздің  1-ші команда кейін де ешкімге дес бермеді. Десе де финалдық ойында қарсылас болған жаңақалалық та да жеңісті қолдан бермеуге тырысып бақты. Әр ұпай үшін болған ойын жанкүйерлерді де, ойыншыларды да әбден ширықтырды. Сөйтіп, соңғы партия 25:24 нәтижесімен Бөкей Ордасы-1 командасының пайдасына аяқталды.

       Күн ұзаққа созылған доп додасында жүлделі ІІІ орын қазталовтықтарға (кір жуатын мәшина), ІІ орын жаңақалалықтарға (LED телевизор), ал, І орын (газплита)  және кубог мұратсайлықтардан құралған Бөкей Ордасы-1 командасына бұйырды.

www.zhaikpress.kz

Р.БАҚЫТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале