1.07.2015, 10:33
Оқылды: 34

«Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты» ММ-і бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

 

090200, БҚО, Бөкей ордасыауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароковкөшесі, 31

анықтамателефондары:8 (71140) 21-130, 21-190.Е-mail:[email protected]

 

«Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты» ММ-і бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Барлықконкурсқақатысушыларғақойылатынжалпыбіліктілікталаптары:

E-R-4 санаттары үшін: жоғарынемесе ортадан кейінгі білім.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Барлық санаттар үшін: Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютердежұмысістейбілуіқажет.

Әкімшілікмемлекеттікқызметшілердіңлауазымдықжалақылары

Санаты Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілінебайланысты
min max
E-R-4 56375 76235
E-G-3 53813 72391

 

  1. Бөкей ордасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Е- R-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күтіміне қатысты демалыста болу уақытында).

 

Мамандығы бойынша талаптар:әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы.

Функционалдық міндеттері:

Банкттік және кассалық құжаттарды дайындау. Жоғарғы органдарға тапсыру үшін бірнеше мерзімдік есептерді әзірлеу. Бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалау. Қызметкерлердің еңбекақыларын мерзімді есептеп, түрлі міндетті төлемдерді уақытылы аудару, бухгалтерлік құжаттарды және кадр есебін жүргізу. Бөкей ордасы ауданы бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік баланс есебін жасау.

 

  1. Бөкей ордасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Е- R- 4 санаты.

Мамандығы бойынша талаптар:әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы.

Функционалдық міндеттері:

Аудандық бюджеттің орындалуын  қадағалау, анықтамалармен қаражатын қозғалысының  тізімін әзірлеу, жұмысты бақылау бағытында талдау ақпараттарын әзірлеу. Облыстық және аудандық жоғарғы органдарға бюджет жөнінде есеп беру.

 

 

  1. Бөкей ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы(азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі), Е- R- 4 санаты.

Мамандығы бойынша талаптар:құқық, юриспруденция, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі.

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік стандартқа сәйкес қызмет көрсету. Азаматтық хал актілерін жазбасының ақпараттық жүйесін жүргізу. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызметтер көрсету.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру. Жұмыс бойынша есептерді уақытында тапсыру және жауап беру.

  1. Ұялыауылдық округі әкімі аппаратының басмаманы, Е-G-3 санаты.

 

Функционалдық міндеттері:

Азаматтардан түскен ауызша және жазбаша арыздардың орындалуын бақылау. Ауылдық округі әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін дайындау. Нотариалдық әрекеттердi және азаматтық хал актiлерiн жүргiзу. Мекеменің мемлекеттік және техникалық қызметшілерінің қадрлық құрамы, қызметі жөнінде іс-қағаздар жүргізу және бұл жөнінде тиісті органдарға есептер беру.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша  тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық адреске жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Қонкурсқа қатынасу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Шетелдік оқу орынын бітірген азаматтардың білімі туралы құжаттары нострификациялау рәсімінен өткен болуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында өтеді. Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар мен сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі.

 

090200, ЗКО, Бокейординский район, с. Сайхин, ул.Т.Жарокова, 31, телефоны для справок:

8 (71140) 21130, 21190, Е-mail: [email protected]

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале