17.02.2016, 10:25
Оқылды: 18

Бөрліде қоғамдық кеңес құрылды

 Borli kogamdik kenes  Бөрлі ауданы әкімдігінде қоғамдық кеңес отырысы өтіп, оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Каналин, қала әкімі, селолық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.


Басқосуды жүргізген аудандық мәслихат хатшысы  Ә. Куликешев өткен жылы қарашаның 2 күні қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кеңес мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың тізімімен таныстырды. Отырыс барысында аудандық қоғамдық кеңеске 31 мүше бекітілді. Олардың 4 мемлекеттік қызметкер болса, өзгелері - ардагерлер, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, аудандағы белсенді азаматтар. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып еңбек ардагері, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Ибрагим Измагамбетов сайланды. Кеңестің хатшылығына «Ақсай жастары» ЖҚБ төрайымы А. Имашева лайық деп танылды. Ибрагим Тайырұлы өзіне сенім білдіргені үшін алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаратындарына сенім білдірді. Ал Әділхан Әпиұлы қоғамдық кеңес мүшелерін құттықтап, лебізін айтты. Аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Ботагөз Мукашева Бөрлі ауданының қоғамдық кеңесі туралы ережемен таныстырды. Мінберге шыққан Жаңабай Нәбиұлы ағымдағы жылы ауданда атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталып, қоғамдық кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале