22.04.2016, 18:57
Оқылды: 20

Бөрлі аудандық депутаттар шешім қабылдады

Borli deputat     Бөрлі аудандық әкімдігінде мәслихат депутаты Н. Шиганакованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың екінші кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.

     Аталмыш сессияға аудан әкімінің орынбасары Қ. Өтегенов, аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешев, облыстық мәслихат депутатары А. Манашев, М. Пак, Ақсай қаласының әкімі Ж. Ермұқанов және дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары, БАҚ өкілдері қатысты.


     Сессия отырысының күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Шамғонова Бөрлі аудандық мәслихаттың 2015 жылдың 23 желтоқсандағы №32-3 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімге өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы баяндап, оны халық қалаулылары бір ауыздан мақұлдады.

     Келесі мәселе бойынша Ақсай қаласының бас жоспары жөнінде аудандық сәулет және қалақұрлысы бөлімінің басшысы Р. Салманова сөз етті.

      Артынша сөз алған «ГРАДО» ЖШС директорының орынбасары Р. Ибрагимов аудан орталығы саналытан Ақсай қаласына қалаға жақын орнадасқан Қызылтал және Аралтал ауылдары қосылғаннан кейінгі қаланың бас жоспарына енген түетулерді жан-жақты таныстырды.

     Баяндамашыға облыстық мәслихат хатшысы А. Манашев пен аудандық мәслихат хатшысы А.Куликешевтар сұрақ қойып, мардымды жауап алды. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша мінберге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Исмагулова көтеріліп, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы баяндады.

      Аталған мәселелер бойынша халық қалаулылары өз пікірлерін білдіріп, шешім қабылдады.

  www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале