28.05.2016, 14:06
Оқылды: 29

Бөрлі ауданына әкім болып Алдияр Халелов тағайындалды

Borli audani    Бүгін Бөрлі ауданына жаңа әкім болып Алдияр Халелов тағайындалды. Алдияр Халелов бұған дейін Шыңғырлау ауданының әкімі болып қызмет атқарған. Жаңа аудан басшысын облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне таныстырды.


     1958 жылдың 11 қыркүйегінде Орал облысы, Жәнібек ауданы «Қайрат» совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981 жылы, Жамбыл гидромелиоративті - құрылыс институтын «Гидромелиорация; инженер - гидротехник» мамандығы бойынша бітірді.

     1981 жылдың қыркүйек 1988 жылдың қыркүйек айлары аралығында Приурал ауданы, Трекин ауылындағы Желаев аудандық арнайы ауылшаруашылық бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы.

    1988 жылдың қыркүйек 1990 жылдың қаңтар айлары аралығында Приурал ауданы, Рубежин ауылындағы М.Маметова атындағы колхозының партия комитетінің хатшысы.

   1990 жылдың қаңтар 1996 жылдың желтоқсан айлары Приурал ауданының Трекин  ауылдық кеңесі төрағасы, Трекин ауылдық әкімшілік басшысы, Трекин ауылдық округінің әкімі.

      1996 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың тамызына дейін Приурал ауданы әкімінің бірінші орынбасары.

      1997 жылдың тамыз айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.

      2002 жылдың сәуір-мамыр айлары Батыс Қазақстан облысы лицензиялау және сәулет - құрылысы аумақтық басқармасы филиалы бас маманының міндетін атқарушы.

   2002 жылдың мамыр 2011 жылдың қараша айларында Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

      2011 жылдан 2016 мамыр айына дейін Шыңғырлау ауданының әкімі болды.

     Сондай-ақ басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен орнынан кеткен Бөрлі ауданының бұрынғы әкімі Марат Түсіпқалиев бірге жұмыс жасаған барша әріптестеріне алғысын айтып, Бөрлі ауданына алдағы уақытта көркейіп гүлденуіне тілек білдірді.

   Өз кезегінде Алдияр Халелов облыс әкіміне және аудандық мәслихат депутаттарына сенім білдіргеніне алғысын жеткізіп, енді сол сенімді ақтау үшін алдағы уақытта да аянбай жұмыс істейтіндігіне уәде берді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале