21.12.2015, 11:49
Оқылды: 23

Бөрлі ауданындағы қос ауылдың қуанышы

   Тәуелсіздік күні қарсаңында Бөрлі ауданы Қанай ауылында қайтадан жөнделген су құбыры салтанатты түрде ашылды.

Borli kanaiБұл қуанышты сәтке аудан әкімінің орынбасары Қ. Утегенов, Қанай селолық округінің әкімі Ж. Сапиев, ҚПО компаниясының және мердігер мекеменің өкілдері, ауыл тұрғындары куә болды. Су құбыры торабының жалпы ұзақтығы 12,5 шақырымды құрайды. Орталық су құбырына 170 астам тұрғын үй қосылмақшы. Айта кетерлік жайт, бұл жерде электр жарығы сөнген жағдайда ауылды сумен қамтуға мүмкіндік беретін дизельді электр станциясы қарастырылған.


Бұл нысанның қайта жөндеу жұмыстары әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында ҚПО компаниясымен бірлесіп жүргізіліп отыр. Жөндеу жұмыстарына осы компания тапсырыс берген болса,  «Kazconstructiongroup» ЖШС мердігер болып табылады. Қанайлықтар көптен бері мазалап келген ауыз су мәселесінің шешімін тапқанына дән риза.

Дәл осы күні Жаңаталап ауылында да су құбыры нысанының жұмысы салтанатты түрде іске қосылды. Қайтадан жөндеуден өткен су құбыры арқылы ауыз су мәселесі оң шешімін тауып отыр. Салтанатты шараға ауыл тұрғынддары, аудан әкімі аппаратының басшысы М. Давлетжанов, Успен селолық округ әкімі Ғ. Зайнуллин, ҚПО копаниясының және мердігер болған «Строительная Инициатива» ЖШС өкілдері қатысты.

Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша су құбыры торабының жалпы ұзақтығы 9 шақырым. Бұл су құбырына 5 мемлекеттік мекеме қосылып отыр.

 www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале