31.05.2016, 15:51
Оқылды: 54

Бөрлі ауданында «Бозбала мен бойжеткен» байқауы өтті

bozbala men boijetkenЖастар – ел ертеңі. Бозбала шағында топ жарып, бойындағы білімі мен өнерін көрсетіп, биіктен көрініп жүрген жастар күн санап көбейіп келеді. Жаман әдеттен аулақ болып, өнер мен спортқа көңіл бөлген бір топ жас Кеңтүбек ауылдық округінде өткен «Бозбала мен бойжеткен» байқауында бас қосты.


Бұл байқау ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ұлттық салт-дәстүр арқылы жаңа замандағы бозбала мен бойжеткен арасындағы сыйластықты, инабаттылықты танып, білу, сондай-ақ жастарды өнер шеберлігі, мәдениеттін, білімін танып көру, қазақ қызы мен ұлының бойындағы ұлттық дәстүрге сай көріктілігін, ептілігін, сегіз қырлы, жан-жақты ұлттық қасиетін танып білу, жастар арасынан  қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, ана тілімізді сүйюге, тапқырлық пен шеберлікке тәрбиелеу мақсатында өтті.

Ережеге сай байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы 7 жұп қатысты. Шарада  Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі Жақсығали Лұқпановсөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар өздерін таныстырып, театрландырылған көрініс арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, қойылым көрсетті. Ал өнер сайысында үміткерлер махаббат тақырыбындағы ән немесе би орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Қазылар алқасының шешімімен Айдар Сатыбаев пен Виктория Сухановалар (Бөрлі ауылдық округі) «Сері жігіт – сұлу қыз» аталымын иеленіп, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Ал «Тұғырлы жігіт – қылықты қыз» аталымымен Райымбек Құрылысов пен Қаракөз Оразова (Қызылтал ауылы)  марапатталып, олар жүлделі бірінші орынға ие болды. Ал жарыстың жүлделі екінші орны мен «Парасатты жігіт – инабатты қыз» аталымы  Бақытжан Абдрашев пен Нарғыз Мұқанаеваға бұйырды. «Өнерлі жігіт – шебер қыз» аталымымен марапатталған Қуандық Тілебалиев пен Айсұлу Қожахметова  жарыстың үшінші орнына ие  болды.  Өзге қатысушыларды  ұйымдастырушылар сайысқа қатысқаны үшін арнайы дипломдармен марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале