2.03.2016, 16:49
Оқылды: 32

Бөрлі ауданында «Біздің күшіміз бірлікте» атты шара болып өтті

Borli bizdin kyshimiz birlikte   Алғыс айту күні. Бұл күн елімізде тұңғыш рет аталып өтілгендігіне қарамаста үлкен қолдау тапты. Адам бойынан алыстап бара жатқан мейірімділік пен кішіпейілділікті қайта оятқан бұл мереке қарсаңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Біздің күшіміз бірлікте» атты шара болып өтті.


Шарада алғаш боп сөз алған аталмыш орталықтың директоры Дариға Нұрашева мағыналы кездесуге келген қонақтарға алғысын жеткізіп, аталмыш күннің маңыздылығына тоқталды. Мағыналы басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, шешен ұлтының өкілі Мұхтар Бокаев, «Бөрлі аудандық «Достық» әзірбайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, азербайжан ұлтының өкілі Анвар Агаев және башқұрт ұлтының өкілі Алхат Абзалилов, оқушылар мен оқырмандар қатысты.

Шара барысында қонақтар өз ұлтының қиындықпен қазақ жеріне қалай келіп, бауырмал елдің қамқорлығының арқасында аман қалғандықтарны айтып, ұлы елге бас иіп алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар шарада «Қазақстаным- қара шаңырағым» атты кітап көрмесі өз оқырмандарын тапты. Ал  «Халықтарды ұйыстырған ұлы ел» атты бейнеролик  бірлігі жарасқан елімізде ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын, жайдарлы өмірі көрсетіліп, көрерменге үлкен әсер қалдырды.

Тарихи тағылымға толы шараның сәнін келтіріп, өз өнерімен таң қалдырған «Еркетай» би ансамбілі (жет. Ә.Бисенғалиева), жас ақын А.Темьярова «Біз мәңгілік елміз» атты төл туындысын оқыды. Сонымен қатар Аудандық демалу орталығыныың әншілері Қ.Жылқыбаев пен Т.Жупиевтар қасиетті домбыра мен кештің шырайын келтірсе, аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашылары С.Ихсанова, О.Кубекова, Н.Ерменғалиевалар қазақ және орыс ақындардың өлеңін оқып көрерменге тамаша әсер сыйлады. Ал №2 қалалық кітапхана меңгерушісі М.Жүсіпалиева жайдарлы көктеммен бірге келген алғыс айту күнінде барша жамағатты жақсылық тіледі.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале