23.09.2015, 14:08
Оқылды: 31

Бөрлі ауданында «Жыр терме - ұлттық қазынам» атты облыстық әнші-термешілер байқауы жоғары дәрежеде өтті

Терме-2   Бөрлі аудандық Мәдениет үйінде халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл өнеріміздің бірі – әнші-термешілер байқауы оздырылды.

Қазақ халқынын болмысы мен салт-дәстүрін бейнелейтін ән мен терме айту ұлтық қасиетімізді дәріптейтін қастерлі өнер. Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Бөрлі ауданының 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған байқауға облысымыздың аудандарынан 15 үміткер қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыр терме  - ұлттық қазынам» атты облыстық әнші-термешілер байқауы жоғары дәрежеде өтті.

18 бен 45 жас аралығында саф өнерді дәріптеп жүрген үміткерлерге  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші – ұстаз, ақын Қатимолла Бердіғалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева, Бөрлі ауданыны әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев, облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Медхат Қамбетов, республикалық, облыстық әнші-термешілер байқауының лауреаты Мирас Бақтығұловтар  баға берді.

Ал түстен кейін Бөрлі ауданының әкімі Марат Бақтығалиев өз кабинетінде байқауға қазылық еткен құрметті қонақтарды - Қ. Бердіғалиевті, С.Таудаеваны, М. Камбетовты және байқаудың жүргізушісі, облысымызға танымал ақын Е. Ахметовтарды қабылдады. Кездесу соңында аудан әкімі М.Түсіпқалиев қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етті.

Бұл байқаудың қорытындысын газетіміздің келесі санында жариялайтын боламыз.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале