10.02.2016, 15:09
Оқылды: 31

Бөрлі ауданында партия филиалының кезектен тыс XVIII конференциясы өтті

????????????????????????????????????

 Бөрлі аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалының төрағасы Марат Түсіпқалиевтің төрағалығымен партия филиалының кезектен тыс XVIII конференциясы өтті.


«Нұр Отан» партиясының жарғысына сәйкес Бөрлі аудандық партия ұйымының конференциясына 81 делегат сайланды. Конференцияға 75 делегат қытысып, 6 делегат себепті жағдайлармен қатысқан жоқ. Бұл басқосуға сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Мандаттық комиссия төрайымы Шолпан Каирмуханова конференция делегаттарының өкілеттіктерін бекітіп алу жөнінде хабарлама жасап, бекітілді.

Конференцияның күн тәртібі бойынша алдымен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мереке Изтелеуов сөз алды. «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарлама туралы баяндама жасады. «Нұр Отан» қашан да нақты істердің партиясы болды және болып қала береді. Партияның қабылдаған сайлауалды бағдарламасы да біздің алғашқы бес жылда әлемдік аренадағы орнымызды айқындайды. Біздің сайлауалды бағдарламамыз – Қазақстанның 2021 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен «Қазақстан - 2050» стратегиясының өз кезеңіне белгіленген құрамдас бөлігі. Бізде бір көшбасшы  - Нұрсұлтан Әбішұлы. Бізде жалпы бір жарқын болашақ және біздің жеңіс жалпыға ортақ болады», - деп атап өтті Мереке Нұрланұлы өз сөзінде. Жарыссөзге шыққан №6 «Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы С. Жандалиева мен «Ақсай жастары» ЖҚБ төрайымы А. Имашева ұстаздар мен жастар да партияның сайлауалды бағдарламасын қолдап, оның жүзеге асуына өз үлестерін қосатындарына сенім білдірді.

Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясынан Бөрлі аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің тізімі таныстырылды. Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XVIII конференциясына делегаттар ұсынылып, 11 делегеат сайланды.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале