27.04.2016, 15:25
Оқылды: 29

Бөрлі ауданында сақтық шаралары пысықталды

Borli sakshilarr    Бөрлі аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Қ. Утегенов төрағалық еткен бұл басқосуда күштер мен құралдардың өрт қауіпті кезеңі мен шомылу маусымына дайындығы, сонымен қатар судағы адам өлімінің алдын алу мәселелері қаралды.


     Комиссияның отырысы жақсы жаңалықпен басталды. Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, үштілділікті насихаттау, жастардың іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді мегеру деңгейін анықтау мақсатында өткен «Тілшебері – 2016» республикалық байқауының облыстық кезеңінде бас жүлде иеленген Бөрлі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау капитаны Алима Идалиеваға алғыс хат табыс етілді. Енді Алима Еншалықызы республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.

    Алдымен мінберге көтерілген ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Рауан Кайргалиев өрт қауіпті кезеңінде барша жан қауіпсіздік шараларын ұмытпауы қажеттігін айтып, тілсіз жаумен бірлесіп күресуге шақырды. №8 ӨСБ «ӨСҚ және АҚЖ» басшысы А. Садыков, тағы да басқалар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат берді.

     Басқосудың соңы да жағымды жаңалықпен қорытындыланды. Аудан әкімдігі төтенше жағдайлар бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімге Нива автокөліктерін, ал ішкі істер бөліміне УАЗ автокөлігін берді.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале