20.11.2015, 17:45
Оқылды: 22

Бөрлі ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған волейболдан турнир өтуде

Borli voleibol   Бөрлі ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына, Бөрлі ауданының күніне және Бөрлі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиевтің  жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық турнир өтуде.

Турнир мақсаты қатысушы командалар спорттық шеберліктерін көрсете отырып, салауатты өмір салтын тұрғындар арасында насихаттап, волейбол спортының дамуына зор үлес қосу арқылы болашақ қазақ елінің үлгілі де өнегелі жас спортшыларын тәрбиелей келе, жас есімдерді таныту боп табылады.

Шараға Бөрлі әкімінің орынбасары Жаңабай Қаналин, аудандық мәслихат хатшысы Әділхан Куликешов, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қабделжамел Насипов, Ақсай қаласының № 4 ЖББОМ директоры Малика Махауова және Ақтөбе қаласы «Алихан» волейбол командасының жетекшісі Төре Ержанов арнайы қатысып, құттықтау тілектерін жеткізді.

Қатысушы командаларды спорт ардагері Дүйсенбай Ғұмаров алаңға бастап шықты.

Ал жарысқа Ақтөбе қаласынан «Алихан» волейбол клубы, Теректі, Қазталов, Бөрлі аудандарының командалары мен КПО б.в. Ақсай қаласы және Бөрлі колледжі, Приурал, Березов ауылдық округтерденінен келген волейболшылар бақтарын сынап жатыр.

Аталмыш жарысты ұйымдастыруға Бөрлі ауданының әкімдігімен бірге аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі және «Ақсай» спорт кешені КММ» мұрындық болған.

Жарыстың бас төрешісі ұлттық дәрежедегі төреші  Қасымжан Ғұбайдуллин болса, төрешілер (І санатты төрешілер) Қуаныш Қажғалиев, Айдос Ашығалиев, Нұрбек Аймурзиндар болды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале