28.03.2016, 18:09
Оқылды: 29

Бөрлі ауданында «BI Жұлдызай» XI республикалық фестивалінің аудандық кезеңі болып өтті

Borli Jyldizai     Өнерлі балалардың өрісін кеңейтіп, өзін-өзі көрсетуге, өнерін паш етуге арналған дәстүрлі «BI Жұлдызай» XI республикалық фестивалінің аудандық кезеңі болып өтті.

    Даму мүмкіндігі шектеулі талантты балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамның аталған санаттағы балаларға деген көңілін аудару, «BI Жұлдызай» шығармашылық фестивалін өткізу дәстүрін сақтау әрі жетілдіру, баларды сауықтыру, дем алдыру және бос уақытын өткізуді ұйымдастыру мақсатында оздырылған шараға жас өнерпаздар көптеп жиналды.


    Бұл шара аудандық ішкі саясат білімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Жас дарын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

     Жас өнерпаздарды облыстық инклюзивті, арнаулы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі басшысы Н. Лебедева,
облыстық ПМПК меңгерушісі Р. Маселова, «Өркен» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары А. Бақытжанова және «Жас дарын» қоғамдық қорының төрайымы және фестивальдың демеушісі Т. Ищенколар балалар өнерін бағалады.

    Мүмкіндіктері шексіз болсада бойындағы өнерлерінің шегі жоқ бұл балалар қандай мақтауға болса лайық. Әр қайсысы бойындағы бар өнерін көрсетіп, фестивальдің жақсы өтуіне үлестерін қосты.

    11 жыл өтіп отырған аталмыш фестиваль биылғы жылы да ән айту, би билеу, бейнелеу өнері мен көркем-қолданбалы өнер аталымдары бойынша өтті.

     Шараның бас демеушісі ҚПО б.в. компаниясының өкілі Ақмарал Әділова да фестивальда болып болып, балаларға сәттілік тіледі. Фестивальдің барлық қатысушылары алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале