6.09.2016, 19:33
Оқылды: 24

Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов қатысқан брифинг өтті

Халелов  Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов қатысқан брифинг өтті. Онда Алдияр Сансызбайұлы өңір журналистеріне өзі басқаратын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ағымдағы жұмыстары және жоспарлары жөнінде баяндап берді.


  Оның айтуынша, аудандағы ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 2 млрд. 607 млн теңгені құраған немесе өткен жылмен салыстырғанда 18,3 пайыз, яғни, 478,1 млн. теңгеге артқан. Соңғы үш жылда дәнді дақылдардың егіс алқаптары қысқарып, майлы және мал азығы дақылдарының егіс алқаптары артып келеді. Бұл орайда келесі жылғы мақсат  аудан аумағындағы күздік дақылдар алқабын 15 мың гектарға дейін көбейту екен.

  Соңғы үш жылда аудандағы мал санының тұрақты өсуі байқалады. 450 бас ірі қара мал санымен бес ауылдық тұтынушылар кооперативтері құрылған. Ауданның ауылшаруашылығы субъектілері «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымдыларын қоса есептегенде барлығы 743 бас жылқы, іріқара және қой алған.

  - Біз ауданның азық-түлік нарығын зерттеп, негізгі азық-түліктің, оның ішінде картоптан басқа, көкөніс, жеміс-жидек, ет және сүт өнімдерінің басқа аймақтардан жеткізілетіндігін анықтадық. Тұрғындарды жергілікті өнімдермен қамту мәселелерін шешу үшін арнайы бағдарлама дайындап, 14 ауылдык округте 140 гектар ұжымдық бақшалар немесе шаруашылық құрылымдар жанынан көкөніс өсіруді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде жергілікті аумақтан екі мың тоннадай көкөніс өнімдерін өндірмекпіз. Округтерде бақшаларды суаруды ұйымдастыру үшін он алты бөгетті қалпына келтіру қажет. Алайда, су қоймаларының құрылысы және жөндеу жұмыстары қомақты қаржыны қажет етеді. Бұл ісіміз облыс деңгейінде қолдау тапса, оны 2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарымызға енгіземіз, - дейді аудан әкімі.

  Аталмыш ауданда Батыс Қазақстан облысының ет-сүт өндіру белдемесін құру бағдарламасы шеңберінде үш сүт тауарлы фермасының құрылысы жоспарлануда (Нұр ш/қ, Еuraz LTD ЖШС,Бірлік ш/қ ). Ал ет және ет өнімдерін өндіру «Бума» ЖШС және «Нұр» ш/қ жанынан кешенді бордақылау алаңдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге аспақ.

  Халықты көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында өнімді қысқы-көктемгі мезгілде сақтайтын сыйымдылығы төрт мың тоннадан кем емес қойма құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатта аудандағы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде, жоба 25 млн тенгеге жуық қаржыны қажет етеді екен.

  2017 жылы Брагин ш/қ 30 гектар алқапқа жеміс-жидек бағын отырғызуды жоспарлап отыр. «Жарсуат» ЖШС-ында шошқа фермасының және екі мың басқа арналған мал азықтық цехының құрылысы аяқталуда.

  2017 жылы Қаракұдық ауылдық округінде «Умбеталиев» ш\қ 180 бас қазақтың ақ бас ірі қара малы үшін ферма салуды көздеп отыр. Сонымен қатар, Березов ауылдық округінің «Исмаил» мен «Бекежан» шаруа қожалықтары жайылымдарды ылғалдандыру бағдарламасына қатысуды жоспарлап отыр.

  2015 жылмен салыстырғанда ауданда тіркелген кәсіпкерлер саны 173 бірлікке артқан. Нәтижесінде шағын және орта бизнес өкілдерінен мемлекеттік бюджетке 4790,2 млн.теңге салық түскен немесе бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артқан.

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтардың өндірген өнімі мен көрсеткен қызметінің жалпы сомасы 393,2 млн. теңгені құраған. Аудандағы шағын цехтарда 197 адам жұмыс жасайды.

  Ауданда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалы арқылы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шағын несиелер беріле бастаған.

  Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Би Джи Қазақстан» компаниясы арқылы жиырма бес жас және әйел кәсіпкерлерге несие бөлінуде.

  Ағымды жылдың 15 қыркүйегі күні «Гузу Алматы» ЖШС-ның газға қарсы құрылғыны (противогаз) өндіру жобасы ашылады. (жоба құны 3,0 млн.евро). Қуаттылығы жылына 200 мың бірлік құрылғы (противогаз) жасап шығара алатын кәсіпорын іске қосылған кезде жүз адам жұмыспен қамтылмақ.

  «Euraz LTD» ЖШС Масайтөбе ауылында cүт-фермасы шаруашылығының құрылысын салуды жоспарлауда (жоба құны 2,0 млрд. теңге). Бұл мақсатта 185 бас Гольштин сүт тұқымды ірі қара малын сатып алу көзделіп, ҚазАгро ұйымына құжаттар тапсырылған.

  Дәріхана, дүкен, сауда орталығын салу, ғаламтор өткізу бағытындағы тағы төрт жоба дайындалған. Оларды алдағы жылы іске қосу жоспарлануда.

  Аудандағы жұмыссыздық деңгейі 1,1 пайызды құрайды. 2016 жылдың 1 қыркүйегіне 334 жұмыссыз ресми түрде тіркелген.

  Аудан бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Қоғамдық орындарда ішімдік ішу, темекі тарту, тыныштықты бұзу сияқты әкімшілік құқық бұзушылық саны да артқан.

  - Бөрлі ауданынының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыру мақсатында алдымызға үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып отырғанымызды айтқым келеді. Бүгінгі күнге дейін тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде, алдағы уақытта да жалғасын табатынына сендіремін, - дейді Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов.

   Аудан әкімі баяндамадан кейін өңір журналистері қойған сұрақтарға жауап берді.

Нұртас Сафуллин

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале