30.12.2015, 17:45
Оқылды: 22

Бөрлі ауданы активінің жиналысы болып өтті

Borli aktiv   Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өзім, реформалар, даму» атты Қазақсан халқына жолдаған Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі  Бөрлі ауданы активінің жиналысы болып өтті.

Бұл жиын аудан әкімі Марат түсіпқалиев төрағалығымен өтті.


Актив жиналысына аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері, қала және ауылдық округ әкімдері, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ардагерлер және үкіметтік емес ұйымдарды,  ірі мекеме, кәсіпорын басшылары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Марат Түсіпқалиев жиналғандарға Ұлт көшбасшысының биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын түсіндірді.

«Елбасының әр жылғы Жолдауы - стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған тарихи құжат.

Елбасы биылғы Жолдауында әлемдегі қазіргі дағдарысты жіктеп-жіліктеп, нақты талдап берді. Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде дағдарысқа қарсы алдын алу жұмыстары жүруде. Индустриалдық-инновациялық  дамудың екінші бесжылдығын бастадық. «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық  даму бағдарламасын қабылдадық. Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз» - деген аудан әкімі Марат Бақтығалиұлы дағдарысқа қарсы үш маңызды стратагемаға тоқталып, дағдарысқа қарсы бес негізгі бағытты түсіндірді.

«Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңаруларды жүзеге асыру мақсатында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жолдауында бес негізгі бағытты айқындап көрсетті. Олар: қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері және бесінші бағыт – жаңа әлеуметтік саясат.

Қазіргі уақытта Елбасының Жолдауынан туындайтын барлық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жасақталды. Ендеше, осы жоспарға сәйкес біздер аудандық іс-шаралар жоспарын дайындап, Елбасы Жолдауындағы мақсаттарға жету үшін барлық тиісті жұмыстарды уақытылы және сапалы түрде атқаруымыз қажет. Осы орайда аудан әкімінің орынбасарларына, барлық бөлім басшыларына, Ақсай қаласы және ауыл әкімдеріне әрбір сала бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды тапсырамын» - деді өңір басшысы.

Аудан басшысы Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау үшін бірнеше шараларды қолға алу қажет екендігін де айтып, орынбасарларына нақты тапсырмалар берді.

Аудандағы инфляциялық үрдістерге бақылау жасау және азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін болдырмау мақсатында аудан әкімінің орынбасарлары Жаңабай Қаналинге және Қайрат Өтегеновке  ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдеріне аудандағы азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді және өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылауды тапсырды. Ал аудандық бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында өңірлік бағдарламаларды қайта қарап, тиімсіз шығындар немесе жеке сектор есебінен жабылуы мүмкін шығындарды бюджет есебінен шығарылуы қажет деп тапты. Және аудан әкімінің орынбасары Қайрат Утегеновке  және аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ауданымызда жүзеге асырылып жатқан барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізуді және бюджет шығындарын оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

«Елбасының тапсырмаларына сәйкес бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін пайдалануды кеңейтуіміз қажет. Бұл бағытта аудан әкімінің орынбасары Қайрат Өтегеновке, аудандық кәсіпкерлік бөліміне инвестициялар тарту мәселелері бойынша  жұмыстар ұйымдастыруды,  инвестиялардың жаңа көздерін тарту бойынша шараларды жүзеге асыруды, ауданымызда инновациялық жобаларды дамытуды, өнідіріске «жасыл технологияларға» негізделген жобаларды енгізуге жайғдайлар жасауды тапсырамын» - деді Марат Бақтығалиұлы.

Өңір басшысы орынбасары Қайрат Өтегеновке, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ауданымызда мемлекеттік секторда тиімсіз басқарылып отырған нысандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп, жекешелендіруге жататын объектілер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді, аудан әкімінің орынбасары Азамат Сафималиевке және аудандық білім бөліміне 2017 жылдан бастап тегін кәсіби техникалық білім беру жобасы жүзеге асырылатыны туралы жастар, мектеп оқушылары арасында кеңейтілген түсіндірме жұмысын жүргізуді жүктеді.

Аудан басшысы Елбасы өз Жолдауында азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңінен жүргізу қажеттігін атап өтті. Осыған орай  аудан әкімінің орынбасары Азамат Сафималиевке және жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне экономикалық тұрғыдан белсенді емес тұрғындардың нақты үлесін анықтауды және оларды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруды, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасақтауды және тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

Сонымен қатар «Өрлеу жобасының» маңыздылығына тоқталған аудан басшысы халыққа айтарлықтай көмек көрсетілетінін айтып,  ауылдық округ әкімдеріне бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырады.

Аудан әкімі Марат Бақтығалиұлы орынбасары Азамат Сафималиевке, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына, аудандық ішкі саясат бөліміне, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдеріне Елбасының Жолдауын аудан тұрғындарына жеткізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстың барлық түрлерін кеңінен жүргізуді, ауылдық округтерде, мекемелерде, ұжымдарда кезедсулер өткізуді, Жолдаудан шығатын міндеттерді орындауға аудандағы барлық азаматтық қоғам институттарының өкілдерін белсенді түрде қатысуларын ұйымдастыруды жүктеді.

Аудан әкімі «Елбасы Жолдауында экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы баяндалды. Барлығымыздың мойнымызда еліміздің болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жүгі бар. Алдымызда көптеген жұмыстар күтіп тұр» - деп, бөрліліктерді көздеген мақсаттарды жүзеге асыру үшін «жұмылған жұдырықтай» бірлесе әрекет ету керек екендігін түсіндірді.

Актив жиынында Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Басимова, Ақсай техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Жолдасова және жеке кәсіпкер Нұрбек Омаровтар сөз алып, еліміздің дамуы үшін баяндалған маңызды құжатты қолдайтындықтарын білдірді. Жиынын соңында қарар жобасын ішкі аудандық саясат бөлімінің бас маманы Олесия Ташимова таныстырып,бірауыздан аудан активі жинаналысының қарары қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале