9.09.2016, 17:33
Оқылды: 67

Б.Сағынтаев Премьер-Министр болып тағайындалды

sagintaevҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 9 қыркүйек күнгі № 319 Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

 

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған. Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Еске салайық, кеше, 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі міндетін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың уақытша атқаратыны хабарланған болатын.

Президенттің №320 Жарлығымен Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале