14.04.2016, 12:04
Оқылды: 28

Велосипед ұрлығы көбеюде

 Velosiped yrligi    Жуырда Жәнібек ауданында белгісіз біреу ауылдағы үйлердің бірінің шаруашылық сарайына түсіп,  1987 ж.т. азаматшаға тиесілі «Стелс» маркілі велосипедін қолды қылған. Жәнібек аудандық тәртіп сақшылар 15 жасар бозбаланы анықтап, қолға түсірді.


     Ал, сәуірдің 9 күні белгісіз біреу қаладағы «Зодиак» кафесінің жанында ішке кіріп кеткен сәтінде 1984 жылғы азаматтың «Аист»   маркілі велосипедін ұрлап кеткен. Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Орал қ.ІІБ  Абай Пб қызметкерлері бұрын сотты болған 32 жасар күдікті анықтады. Ұрланған заттар тәркілеуге алынды. Аталған оқиғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлімі (ұрлық) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

  Егер бір жерге тоқтасаңыз, велосипедіңізді құлыптап жүрген абзал. Дүкенге немесе қандайда бір орынға кіріп бара жатып, велосипедіңізді назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз. Егер жақын маңайда камераның бар екеніне көзіңіз жетсе ғана, қалдыруға болады.

     Егер велосипедіңіздің ұрланғанын байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз. Қылмысты көрген куәгерлер туралы мәліметті жинақтап, телефон нөмірлерін жазып алыңыз.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале