30.04.2016, 13:47
Оқылды: 28

Велошеруге 700-ден астам адам қатысты

Screenshot_2016-04-30-13-42-41-1     Бүгін Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көпшілік велошеру болып өтті. Оған 700-ден астам адам қатысып, Теннис орталығынан П.Атоян атындағы стадионға дейін 10 шақырымдық жолды жүріп өтті.

    Велошеруге атақты Олимпиада ойындарының чемпионы, Вела Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев аталмыш шараның құрметті қонағы ретінде қатысып, бүгінгі шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

   Сонымен қатар "Ең жас велошабандоз" аталымына Алуа Тұрарбекқызы және «Ең жасы үлкен велошабандоз» болып Олег Папов, спортшы жанұя аталымына Базарғалиевтер отбасы марапатталды.

velosheru

      Салтанатты марапаттау рәсімін облыс әкімі А.Көлгінов жүргізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале