3.03.2016, 16:52
Оқылды: 41

Вена балы-Шыңғырлауда

Shingirlau Vena bali   Көктемнің алғашқы күндеріндегі ажарлы көңіл-күй Шыңғырлау ауданы жастарының үлгі тұтарлық жайдары шарасымен толыға түсті. Аудан жастарының белсенділігімен, аудандық Ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі және «Шыңғырлау жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жастары» атты Вена балы өткізілді.


Тәуелсіздік ұғымының мәртебесін көтеру, жастарды ел егемендігін ұлықтауға үйрету, мәдениетке, өнерге тарту мақсатында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай қолға алынған бұл шара аудандық мәдениет үйінің машықкері, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің мәдениет-және өнер факультетінің студенті Ақманар Айдынғалиеваның дипломдық жұмысы болатын. Көңілді кештің негізгі қатысушылары да жастар болды. Аудан жастарының өнерге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыра түскен ажарлы кеште ұйымдастыруға атсалысқан бөлімдер басшылары құттықтау сөздер арнап, ел Тәуелсіздігінің қымбаттығы, осынау құндылықтың еліміз және әрбір жас үшін маңызы туралы ой тарқатты. Шара барысында жастар вальсі, полька биі, Вена вальсі, Полонез, Дан-степ бағытындағы билер орындалып, аудан жастары әндер шырқады. Кеш соңында жеңімпаздар анықталып, жастар арасынан кеш ханзадасы мен ханшасы таңдалды. Бейнелі би, әсерлі өнер сайысқа түскен шара жеңімпаздары анықталып, кеш жастар көкірегіне туған ел, Отан тұрғысында орынды ой тастады. Жастар белсенділігі ел дамуының алғышарттарының бірі десек, жаһандануға ұмтылған еліміздің бүгінгі мүддесіне үндескен шара орынды болды деген тұжырымға келдік.

www.zhaikpress.kz

Асу-ТҰРАН

Ерсін Мерханов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале