5.02.2016, 10:18
Оқылды: 65

«Ветеринарлық құжаттарды беру тəртібі мен бланкіні талап етуді бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған баспасөз брифингі өтті.

Brifingg akimata   Облыстық əкімдіктің үлкен мəжіліс залында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 21 мамырындағы #7-1/453 "Ветеринарлық құжаттарды беру тəртібі мен бланкіні талап етуді бекіту туралы" бұйрығына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған баспасөз брифингі өтті.  Аталмыш өзгерістер туралы    облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қазбек Тəшімов мəлім етті.         


Жаңа өзгерістер ветеринарлық анықтамаларды беруде кездесетін кейбір келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған.  Егер бұрынғы ветанықтамалар күнделікті қолданылатын компьютерлік ақ бет қағазға басылып шығарылса, енді жаңа бланкі бойынша қатаң формат сақталған. Яғни, ҚР АШМ бұйрығы бойынша ветанықтамалар үш сатылы қорғаныстан тұрып,  жалған ксерокөшірме жасауға тосқауыл болмақ.  Бланкілер күлгін түспен басып шығарылады жəне жаңа үлгі тұрғындардың тамақтан болатын қауіпсіздік ережелерін сақтауға жол ашады. Соның ішінде, базарларда бүлінген ет өнімдерінің сатылуына жол бермейді

www.zhaikpress.kz

Лəззат Шағатай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале