20.06.2016, 12:20
Оқылды: 22

Вице-спикермен кездесті

Bicce spikerДостық үйінде Парламент Мəжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко облыстық Ассамблея өкілдерімен кездесті.


Жиынды ашқан облыс əкімі Алтай Көлгінов Мəжілістің вице-спикеріне қош келдіңіз айтып, өңірдегі ұлттар достығын нығайту, облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуы турасында қысқаша баяндап өтті.

Өз кезегінде сөз алған Владимир Божко ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы ішінде республикамыздың қол жеткізген табыстарына, соның ішінде ұлтаралық, конфессияаралық бағыттағы жетістеріне тоқталды. Парламент жұмысы мен қазіргі уақытта қаралып жатқан заң жобалары, Парламент сағаты жөнінде жан-жақты түсінік берді.

Жиын барысында Ассамблея мүшелері өздерін толғандырып жүрген мəселелерге байланысты сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында  үйлестіру кеңесінің төрғасы, оның орынбасары, мүшелері сайланды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен Мұратұлы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале